Шымкентте полицейлер нәрестені қоқысқа тастаған әйелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
Шымкентте полицейлер нәрестені қоқысқа тастаған әйелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
Еске салайық, 2017 жылы 20 қазан күні Шымкент қаласындағы Абай ауданының аумағындағы қоқыс алаңында жаңа туған қыз баланың мәйіті табылған еді.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша Шымкент қаласының Абай полиция бөлімінің СДТБТ-не тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.
Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Күдікті әйелді іздестіру мақсатында Абай полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.