© Газбубу Бабаяровой
Шымкентте тағы бір қыз алып қашу құрбаны болды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Шымкентте тағы бір қыз алып қашу құрбаны болды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
30 қыркүйекте Қаратау аудандық полиция бөлімшесіне 17 жастағы қызды үйлену үшін алып қашқаны туралы хабарлама келіп түскен. Болжам бойынша, қызға құрбысы далаға шығуын өтініп қоңырау шалған. Осыдан кейін белгісіз біреулер оны көлікке салып әкеткен. Осы дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, маусым айында Интернетте қыз алып қашқан қазақтардың видеосы пайда болған еді. Кейін полицейлер алып қашу құрбаны болған қыз туралы видеоның кейіпкерлерін іздестірді. Қыз ақыры тұрмысқа шығуға келісім берді.