21 қыркүйек 2016 09:42

Шымкентте тәуіптің емінен 11 айлық сәби қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© salonspb.com © salonspb.com

Шымкентте тәуіптің емінен 11 айлық сәби қайтыс болды, - деп хабарлайды TVK телеарнасы. 


Шымкентте тәуіптің емінен 11 айлық сәби қайтыс болды, - деп хабарлайды TVK телеарнасы. 

Оқиға Молдағұлова көшесінде орналасқан Ташкент туннелінің маңында болған. Атасы сәбиімен бірге көліктен шыға берген бойда нәрестенің ұстамасы басталған. Жақын жердегі дәріхана әкімшісінің айтуынша, қызда тырыспа басталған. Дәрі-дәрмек мамандары сәбиге көмек көрсетіп, жедел жәрдемді шақырған. Алайда жедел жәрдем қызметкерлері келгенше сәби көз жұмған. Нәрестенің тыныс алу мүшелерінде қиындықтар болған болуы мүмкін. Қайтыс болған сәбидің Арыста тұрғандығы белгілі.

Алдын ала мәлімет бойынша, емшектегі сәбиді Жетісайдан қалаға оның атасы әкелген. Куәгерлердің айтуынша, сәби тәуіптің қабылдауында болған. Олардың айтуынша, қазіргі уақытта полицейлер жұмыс істеп жатыр. Жаяу жүргіншілерге арналған жол арнайы лентамен қоршалып, арнайы көліктер келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети