Шымкентте зауытта жарылыстан зардап шеккен ер адамның бірі көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орталықтың меңгерушісі Ильхам Тулеевтің айтуынша, ер адам жансақтау бөліміне түскенде қатты күйіп қалғаны белгілі болған. Дәрігерлер тексеру жүргізгенде оның денесінің 90 пайызын күйік шалғанын анықтаған. Бір тәулік уақыт өткенде ер адам есін жимастан түнде қайтыс болды.

Екінші бір зардап шеккен ер адам, жүк көлігінің жүргізушісінің дене мүшесінің 40 пайызын күйік шалған. Мамандар оның халін ауыр деп бағалайды.
Еске салайық, Шымкенттегі майлау материалдарын шығаратын зауытта майланған "КамАЗ" жарылып, бір адам қаза тауып, тағы екі адам күйікпен ауруханаға жеткізілді. ОҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қайғылы оқиға HILL Corporation ЖШС атты майлау материалдарын шығаратын зауытта болған. "КамАЗдардың" біріне майлап жатқанда ол бірден жарылып, жанып кеткен. Құю станциясының 1991 жылғы операторы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, зауыттың 1985 жұмысшысы мен жүк көлігінің 1967 жылғы жүргізушісі зардап шекті.
"Осы дерек Шымкент қалалық ІІБ Еңбекшіқазақ полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеу шараларын Біріңғай реестрге ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі ("Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу") бойынша тіркеген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар.
Төтенше жағдай туралы 101 пультіне сағат 20.09-да хабарлама келген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 20.30-да келген. 10 минуттан соң өрт толықтай сөндірілген.