Куәгерлер түсірген видеодан алынған кадр
Шымкенттегі Mega орталығында Атырау тұрғыны өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкенттегі Mega орталығында Атырау тұрғыны өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 29 қазанда болды. Ер адам үшінші қабаттан секіріп кетті. Куәгерлердің айтуына қарағанда, ер адам қоршаудан секіріп, мұз айдынына құлаған.
ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қарагөзованың айтуынша, Атыраудың 1973 жылғы тұрғыны мұзға құлады. "Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды", - деді Қарагөзова.