Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бес адамның өмірін қиған Шымкенттегі автобус апатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бес адамның өмірін қиған Шымкенттегі автобус апатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
8 сәуірде Шымкентте жолаушылар автобусы қарсы жолаққа шығып кетіп, жол апатына себепкер болды. Ол кезде автобуста жүргізуші болмаған.
"Қылмыстық іс қозғалды, себептерін анықтап жатырмыз. Бұл - не қол тежегішті баспаған жүргізушінің салғырттығы, не техникалық ақау. Шын мәнінде, бұл жол-көлік оқиғасы емес, жазатайым оқиға немесе қылмыстық салғырттық", - деді Лепеха Мәжіліс отырысында.
Ішкі істер вице-министрінің айтуынша, полицейлер "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шараларын жүйелі түрде жүргізеді, оның барысында жүргізушілердің өздері де, олардың жол қозғалысы ережелерін сақтауы да, көліктердің техникалық жарамдылығын да тексереді.
"Бірақ бұрын автопарктің шыға берісіндегі барлық жүргізуші мен көліктерді тексеретін бақылау түрі болса, бүгінде ондай мүмкіндік жоқ. Бұл бірінші. Екіншіден, көліктерді тоқтату ережелері қашан, қандай негізде, қайда тоқтай алатынымызды нақты реттейді. Бұл негізінен жол қозғалысы ережелерін бұзу, әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұл жағдайда біз тоқтатамыз, кешіктіреміз, әрекет етеміз, бұл нәрселер біздің тұрақты бақылауымызда", - деп қосты Игорь Лепеха.
Еске салайық, Шымкентте Бәйтереков пен Назарбеков көшелері қиылысында жантүршігерлік автобус апаты болғаны хабарланған болатын. Жүргізушісі жоқ автобус көше қиылысында адамдарды соғып, бес адам қаза тапқан еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!