Шымкенттегі колонияда тұтқын қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі колонияда тұтқын қайтыс болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Шымкенттегі колонияда тұтқын қайтыс болды. 37 жастағы ер адамның туыстары мекеме қызметкерлері оны ұрып өлтіргенін алға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі колонияда тұтқын қайтыс болды. 37 жастағы ер адамның туыстары мекеме қызметкерлері оны ұрып өлтіргенін алға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қайғылы жағдай 7 қыркүйекте болған. Мекеме басшысының сөзінше, бопсалау бабымен үш жарым жылға сотталған ер адам түрмеге түскелі асқазан ауруымен ауырған. Бес рет дәрігерлер көмегіне жүгінген. Соңғы рет 3 қыркүйекте ауруханаға түсіп, кейінірек көз жұмған. Медицина және түзеу мекемесінің мамандарына қатысты қызметтік тексеру басталды.

Ер адам темір торға бір ай бұрын ғана түскен. Марқұмның артында 3 баласы мен келіншегі қалды. Ал қылмыстық істің қай бап бойынша қозғалатыны сот-медициналық сараптамасынан соң белгілі болмақ.

"Қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр, құзырлы органдар да тексерісті бастады. Ол кісілер бізге сенбейді, "ұрды-соқты" деп түсініп жатқан шығар. Бірақ тексеру қорытындысы шығады", – деді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты № 54 мекеменің бастығы Серікбай Дүйсенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети