Сенбіде, 26 қарашада Шымкенттегі "Нұрсат" ықшамауданында белгісіз бір жігіт тоғыз қабатты үйдің шатырына шығып алып, секіріп кетпекші болған. Тұрғындар өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалу үшін барын жасады, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

"Жас жігіт ешқандай да талап қоймаған, ешкіммен де сөйлеспеген. Оның шатырдың үстіне шығып алғанын жергілікті тұрғындар мен сол маңдағы дүкендердің сатушылары байқап қалған. Жігіттің өміріне бей-жай қарамаған адамдар көпқабатты үйдің астында тұрып, ол райынан қайтуы үшін барын салып айғайлаған". Тұрғындардың көбісі бұл сәтті ұялы телефондарына да түсіріп алған. Қуанышқа орай, жігіт пен қыз шатырдың төбесіне шығып, өзін-өзі өлтірмекші болған жігітті құтқарып қала алды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полицейлер төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт шамамен 24-26 жаста.