Шымкенттегі қыз алып қашу оқиғасы: видеодағы адамдар анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі қыз алып қашу оқиғасы: видеодағы адамдар анықталды видео кадры

Шымкентте қыз алып қашу жайты бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қыз алып қашу жайты бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде бейтаныс адамдардың қызды күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткені түсірілген видео тараған еді.

Жарияланған материалға қатысты Шымкент қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізген.

"Сондай-ақ, жедел іздестіру шаралары барысында жазбадағы кейіпкерлердің жеке басын анықтады. Олар Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Ұрлауға қатысқандардың барлығы және қыздың өзі туыстарымен бірге Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жеткізілді", - делінген полиция хабарламасында.

Тергеу барысында полицейлер жігіт өзінің танысын үйлену мақсатында алып қашқанын анықтаған.

"Жәбірленуші мен оның ата-анасы ешкімге шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бастартты. Өз кезегінде, полиция басқармасы адам ұрлау жайты бойынша ҚР ҚК-нің 125-бабымен соталды тергеу амалдарын бастады", - делінген хабарламада.

Іс департамент басшылығы мен қалалық прокуратураның бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети