Шымкенттегі тойлардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде таралған соң, полицейлер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 желтоқсанда әлеуметтік желілерде үш ер адамның Шымкенттегі тойлардың бірінде төбелес шығарғаны түсірілген видео пайда болды.
"2016 жылдың 16 қарашасында ОҚО ІІД "102" пультіне сағат 00.30-да тойханалардың бірінің қызметкерінен той үстінде төбелес болып жатқаны жайлы хабарлама келген. Жедел- тергеу тобы оқиға орнына барған. Істің мән-жайын анықтау барысында осы оқиға жайлы хабарлаған қызметкер арыз жазудан бас тартқан. Себебі, той иесі келтірілген материалдық шығынды өтеп берген, сондықтан да оның ешкімге шағымы болмады. Сондай-ақ, мерекелік іс-шарада жарақат алғандардың ешқайсысы ішкі істер органдарына хабарласпады", - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.
"Шымкенттегі тойлардың бірінде болған төбелес Абай полиция бөлімшесінің Бірыңғай тергеу реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ведомстводағылар.