Шымкенттің муниципал полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан патрульдік-постық қызметінің қызметтік көлігінің терезелеріне тонировка жапсырған қол астындағыларды оны алып тастауға мәжбүрледі. Бұл сәт жазылған қысқа видео Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды, - деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.

Ролик "Заң алдында бәрі бірдей!!!" деп аталған.
Кадрдан подполковниктің сөзінен кейін полицейлердің көлік терезесіндегі жапсырманы бірден сыпыра бастағандарын көруге болады. Бұл оқиғаға өтіп бара жатқан адамдар куә болды және олар сол сәтті ұялы телефондарының камерасына жазып алған.