Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Сириядағы соғысқа қатысқан қазақстандықтарға жаза кесілді

20 Наурыз 2014, 17:05
5
Азамат Қазбаев. ©Youtube.com
Азамат Қазбаев. ©Youtube.com
Абдусалям Мырзабаев. ©Youtube.com
Абдусалям Мырзабаев. ©Youtube.com
Павлодарда Сирияда ұрысқа қатысқан қазақстандықтар сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Екібастұз қалалық сотының судьясы Александр Гоенкоға сілтеме жасап.

Сот Екібастұздың Сирияда террористік әрекеттер жасады деп айыпталған төрт тұрғынына қатысты үкім шығарды. "Сот үкімімен 23 жастағы Азамат Қазбаев пен Абдусалям Мырзабаевқа мүлкін тәркілеумен бірге жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді", - дейді Гоенко. Тағы екі екібастұздық - 29 жастағы Берік Жақыпов пен 30 жастағы Борис Мырзабаевқа екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Бұған дейін ашық жағдайда болғанмен, сотқа журналистердің қатыстырылмағаны хабарланған еді. Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына тараптардың бәрі қарсы болды.

Азамат Қазбаев пен Абдусалям Мырзабаев "Терроризмді насихаттау", "Террористік топ қызметіне қатысу", "Террористік қызметті қаржыландыру", "Тұлғаларды ұйымдастыру мақсатымен немесе экстремистік қызметке жалдау" баптары бойынша айыпталып отыр. Олар түрік-сирия шекарасын заңсыз кесіп өтіп, содырларды даярлау орталығына тап болған. Жігіттердің айтуынша, мұндай қадамға олар интернеттегі бейнероликтерді қарағаннан кейін барған. Сирияда біраз болғаннан кейін олар қастарына әйелдерін шақырады. Бірақ әйелдері келе алмайды.

Күдіктілер өткен жылдың қазан айында Түркия арнайы қызметінің көмегімен ұсталып, Қазақстан аумағына жеткізілді. Ұсталғандар интернеттегі бейнематериалдардың шындыққа жанаса бермейтінін айтып, өкініш білдірді. Жігіттер Сириядағы азат ету қозғалысын басқаша елестеткен, бірақ кейін оларды ақша мен билік басқаратынын түсінген.

Тергеу барысында Сириядағы әскери жанжалға Екібастұздың тағы екі тұрғынының қатысы бары анықталды - 29 жастағы Берік Жақыпов пен 30 жастағы Борис Мырзабаев. Олар терроризмді қаржыландырғаны және араға делдал болғаны үшін айыпталып отыр.

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай