Шіркеудегі өрт: Жалын 200 шаршы метрді шарпыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шіркеудегі өрт: Жалын 200 шаршы метрді шарпыды Петропавл храмындағы өрт. ©Роза Есенқұлова

Алматыда әл-Фараби даңғылында орналасқан Петропавл храмындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Нұрбек Қожахметовке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әл-Фараби даңғылында орналасқан Петропавл храмындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Нұрбек Қожахметовке сілтеме жасап. 

Шіркеудегі өрт 200 шаршы метрді шарпыған. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 70 маманы, 14 негізгі техника, төрт арнаулы техника жұмылдырылды. Қожахметовтің айтуынша, от бір сағат ішінде ауыздықталып, залалсыздандырылды. Өрт кезінде шіркеуде 15 адам болған. Олардың бәрі дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Жалын ғимараттың шатырынан басталған. Қазіргі уақытта оның шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Алматыдағы өрт 20 ақпан күні сағат 10.30-да басталған еді. Оттың іргелес ғимараттарға көшуі мүмкін деген жорамал айтылды. Бірақ төтенше жағдайлар қызметкерлері көрші нысандарға от тимегенін айтты. "Бұл біз үшін үлкен күйзеліс болды", - деді Петр мен Павел храмы қызметкері Максим әкей. Оның айтуынша, шіркеу қызметкерлері мен жиналған діндарлар ғимараттың тілсіз жаудан аман қалуын тіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети