10 қазан 2017 | 13:20

"СК-Фармация" басшысының тұтқындалуы: 1,8 миллиард теңге қолды болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жемқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармация" ЖШС-ның басқарма төрағасы Максим Касаткинге қатысты қылмыстық істің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Жемқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармация" ЖШС-ның басқарма төрағасы Максим Касаткинге қатысты қылмыстық істің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сыбайлас жеиқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармация ЖШС-ның басшысы М.Е. Касаткин және өзге де тұлғаларға қатысты кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр" - делінген хабарламада. 

"Касаткин "КазСибФармацея" ЖШС-ның мүддесін қолдап, тендер барысында бұл компанияның өзге бәскелестерінің өтініштерін қабылдамағаны заңсыз болған. Сонымен бірге, "КазСибФармацея" ЖШС дәрі-дәрмекті сатып алуды Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 15 пайыздық үстеме баға көрсеткішінен асырып жүргізген", - деп атап өтті ведомство өкілдері. 

Осылайша, 2015-2017 жылдары "СК-Фармация" ЖШС және "КазСибФармацея" ЖШС-ның басшылары 1,8 миллиард теңгені жымқырған. Осыған байланысты Касаткин мен "КазСибФармацея" ЖШС-ның басшысы А.О. Ахметовке қатысты тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада. 

Мұның алдында 15 қыркүйек күні Максим Касаткиннің ұсталғаны белгілі болған. Денсаулық сақтау министрлігі "СК-Фармация" ЖШС өкілдері басшыларының не себепті ұсталғанын және қандай айыптар тағылғанын білмейтінін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети