СҚО-да 11 бала отырған микроавтобус өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да 11 бала отырған микроавтобус өртенді Сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер өртенген микроавтобустың ішінен балаларды алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер өртенген микроавтобустың ішінен балаларды алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап. 

"Газель" маркалы микроавтобус 14 мамырда Петропавлдан Тайынша аудан орталығына балаларды тасымалдаған. 17.10 шамасында Рощинск ауылының маңына жеткенде жүргізуші қозғалтқыштың бір бөлігінен түтін шығып жатқанын көріп, тоқтаған. 

"Облыстық полиция департаментінің автопатрульінің экипажы "Лада Веста" қызметтік көлікпен бірге жүрген патрульдік полиция қызметкерлері құрамында полиция аға лейтенанты Жігер Балтабай мен полицияның аға сержанты Батырхан Молдажановтар дереу әрекет еткен", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, 11 баланы эвакуациялап, полицейлер өрт сөндірушілерді шақырып, жанып жатқан "Газель" өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге кіріскен. Алайда, желдің салдарынан өрт қатты жанып кетті. Осы кезде полицейлер мен жүргізушілер жанып жатқан шағын автобусты жол бойынан алшақ жерге итеріп тастаған. 

Қабылданған шаралар құрбандардан құтылуға көмектесті. Рощинское ауылына көшірілген балаларды полиция қызметкерлері үйге дейін басқа көліктермен жеткен. 

Өрттің алдын-ала себебі - қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети