Ауылда өрт қойғыш пайда болды. Осылай деп дүрліккен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ағынтай батыр ауылының тұрғындары қаскөйді өздері жазалауға дайын отыр, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Ауылда өрт қойғыш пайда болды. Осылай деп дүрліккен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ағынтай батыр ауылының тұрғындары қаскөйді өздері жазалауға дайын отыр, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Өйткені шырт ұйқыда жатқан бірнеше тұрғынды далада қалдырған бұзақы ауылда емін-еркін жүр дейді олар. Қазір жұрт басапанларын түнімен кезектесіп күзететін болған. Ал бүгін ашынған ел ешқандай шара қолданбаған полицейлерге дүрсе қоя берді.
Ағынтай батыр ауылында үйлердің бірінен соң бірі өртене бастағанына 3 ай болған. Өрт сөндірушілер қасақана от қойылғанын айтқан. Бірақ осыған қатысты істің жылжитын түрі жоқ. Соған ашулы жұрт тайлы-тұяғы қалмай жиналып, ауданнан шенеуніктер мен полицейлерді шақырған. Тұрғындардың қыраулы қыс алдында қаңғырып далада қалғандарын айтып еңірегенде етектері жасқа толды.
"Ештеңем қалмады.Түнгі 4-те іш көйлекпен қашып шықтым. Күйеуім Астанада ауруханада болған. Малым тірідей жанып кетті. Бұны істеген адамды бәріміз білеміз. Ол өте қауіпті. Үйінен бензин толған бөтелкелер шықты. Сонда да полиция оны қамамады", - дейді Ағынтай батыр ауылының тұрғыны Людмила Кельш.
Қыс алдында 10 тонна шөбі күйіп кеткен Садықовтарды Құдай сақтады. Көршілері байқамаса, үйлері де өртенер еді. Тілсіз жау жұрт шырт ұйқыға кеткенде, яғни түн ортасында тұтанады екен. Осыдан қорқып қалған тұрғындар үйлерін кезектесіп күзете бастаған.
Түн ортасында отқа оранған үйлердің бірі - міне мынау. Мұнда қазір жас отбасы тұрып жатуы керек еді. Сатып алып күрделі жөндеу жасап , енді көшкелі отырғанда біреулер өрт қойыпты. Сау-тамтығы қалмай жанып кеткен үйді кім, не үшін өртегені сол бойы анықталмай қалған.
Тұрғындар қаскөйді білеміз деп, Рахат Рахымжановқа сілтеп отыр. 22 жастағы жігіт болса "барлығы өтірік жала" дейді.
"Көршім сиыр ауласына кіргені үшін әкемді балағаттады. Соған өшігіп, моншасын бүлдіріп тастағам. Кешірім сұрап, шығынды өтедім. Кешікпей оның шөбі өртенді. Енді барлығы ауылда болған жағдайға мені кінәлап отыр. Менің арым таза, - дейдіАғынтай батыр ауылының тұрғыны Рахат Рахымжанов.
Осы оқиғалардан кейін ашынған жұрт осы отбасының ауылдан көшіп кетуін талап еткен. Әйтпесе, өзіміз өш аламыз деп отыр. Айыртау аудандық ішкі істер бөлімі қазір іс жан-жақты тергеліп жатыр дейді. Бүгіннен бастап Ағынтай батыр ауылын кезекшілікпен полиция қас қақпай күндіз-түні күзететін болды. Ал күдіктіні қамауға алуға әзірге дәйек жеткіліксіз екен.