СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
ІІД өкілдерінің мәліметінше, қарақшылық шабуыл 31 желтоқсанда болған.
"Облыс полицейлері 31 желтоқсанда "Челябі-Новосібір" автожолындағы "ҚазМұнайГаз" бекетіне бетперде киіп, шабуыл жасаған екі адамды іздестіріп жатыр. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызылжар аудандық ІІБ мен облыстық ІІД-ден күшейтілген жедел-тергеу тобы құрылып, осы қылмысты ашу бойынша шара жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полицейлер.