СҚО-да көпқабатты үйдің есігі жоқ балкондары жұртты таңғалдырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да көпқабатты үйдің есігі жоқ балкондары жұртты таңғалдырды Видео кадры

Желіде Солтүстік Қазақстан облысындағы көпқабатты үйдің есігі жоқ балкондары талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Солтүстік Қазақстан облысындағы көпқабатты үйдің есігі жоқ балкондары талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде көпқабатты үйдің балкондары көрсетілген видео тарады. Бірақ пәтерден балконға шығатын есік жоқ, онда тек терезелер бар.

Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер айтылған! 

"Балкондар, терезелер, бірақ оған шығатын есік жоқ. Оған баспалдақпен немесе терезе арқылы кіреді. Мұндайды бізде ғана, Сергеевкада ғана жасай алады", - дейді видео авторы.

Видео Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласында түсірілгені анықталды. Ол жерде қараусыз қалған үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұл нысанды қалпына келтіруді жеке құрылыс салушы жүргізіп жатыр. Оның айтуынша, балкондар жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылмаған. Құрылыс салушы балкондарды алып тастамай, қалдыруды ұйғарған", - деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Саят Омаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети