Полицейлер Солтүстік Қазақстанда жәрдем жинау жәшігін ұрлап кеткен 18 жастағы жігітті ұстады. Ақша науқас баланың еміне жиналған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицейлер Солтүстік Қазақстанда жәрдем жинау жәшігін ұрлап кеткен 18 жастағы жігітті ұстады. Ақша науқас баланың еміне жиналған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұрының кім екенін анықтау дүкенде орнатылған бақылау камералары арқылы мүмкін болған. Күдікті СҚО-ның Қызылжар ауданының 18 жастағы тумасы екені анықталды. Бескөл ауылының жұмыссыз тұрғыны ішінде 2500 теңге жиналған жәшікті ұрлап кеткен. Оны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі уақытта ер адам ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берген. Осы іс бойынша, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша жүргізіліп жатыр", - деді СҚО ІІД өкілдері.
Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, осы ісі үшін кешірім сұрады. Алайда Саша Баторинның анасы оның өкінішіне сенбейді.
"Мен оны кешіргім келмейді, себебі ол тағыда осылай жасауы мүмкін. Соманың тым аз болуына байланысты ол тек екі айға қамалуы мүмкін. Оның үш айлық баласы бар, бірақ олар бірге тұрмайды, менің білуімше. Сонымен қатар, ол біздің ауылдың тұрғыны екен. Біздің Бескөл өте кішкентай ауыл, небәрі 3 мың адам тұрады. Ол бізді таниды, бірақ сонда да осындай қадамға барды. Ертерек келіп кешірім сұрауына болар еді, алайда ол оны да істемеді. Тек видеоны жаңалықтардан бергеннен кейін ойланды", - деді 2 жасар баланың анасы Любовь Баторина.
СҚО ІІД өкілдерінің айтуынша, күдікті бұрындары сотталмаған, бірақ Баторинаның айтуынша, ол мұндай қадамға бірінші рет барып тұрған жоқ.
"Мен оған сенбеймін, сол себепті де арызымды қайтарып алмаймын әзірше. Мен оны кешірсем, ол тағы да осындай қадамға барады. Елдің айтуынша, ол мұндай қадамға бірінші рет барып тұрған жоқ. Көршісінен қосалқы бөлшектерді ұрлаған. Ол оны кешірген. Міне, енді жәшікті ұрлады", - деді Любовь Баторина.
Еске салайық, Петропавлда науқас баланың ақшасын ұрлаған адам видеоға түсіп қалған еді. Видеодағы кадрлардан ер адамның жәшікті алып бара жатқаны көрінеді.