СҚО-да су тасқынына қарсы күрескен құтқарушы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да су тасқынына қарсы күрескен құтқарушы қаза тапты Фото. СҚО ТЖД

Солтүстік Қазақстан облысында әріптестеріне су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге көмектесуге келген 45 жастағы құтқарушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында әріптестеріне су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге көмектесуге келген 45 жастағы құтқарушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

"2024 жылғы 2 сәуірге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласы аудандық ауруханасы реанимация бөлімінде 1978 жылы туған, Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Қуанышұлы Балданов қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысынан су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген.

"Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген. 1 сәуірде кешке өзін нашар сезініп жатқанына шағымданып, ауруханаға түсті. Ол Петропавл қаласына санавиация көмегімен ауруханаға жатуға дайындалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети