22 желтоқсан 2018 12:10

СҚО-да табыттың жанына түнеген төрт адам түтінге уланып қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

СҚО-да бүтін бір отбасы пеш түтініне уланып, түгел қырылып қалды, - деп хабарлады КТК.


СҚО-да бүтін бір отбасы пеш түтініне уланып, түгел қырылып қалды, - деп хабарлады КТК.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға Буденый ауылында болған, 4 адамы бар отбасы пеш түтініне уланып, түгел қырылып қалды. Төртеуі бір адамды жерлеуге келген екен. Сол түні марқұмның табытының жанында түнейміз деп, бәрі бақилық болған. Енді бір емес, бес адамның денесі жерленбек. Тек көршісі ғана тірі қалған. Оның өзі қатты иістеніпті.

"Үш әйел мен бір ер адам, бәрі де табыттағы марқұмның жақын туыстары - әйелі, ұлы, қызы мен енесі. Ал әуелі жерленуі тиіс болған марқұм ұзақ науқастан көз жұмыпты. Тірі қалған тек көршісі ғана", - деді СҚО ТЖД басқарма бастығының орынбасары Игорь Балеев.

Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети