17 шілде 2020 14:40

СҚО-да үш дос бірін-бірі құтқарамын деп суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында үш дос қаза тапты: олардың екеуі үшіншісін құтқармақ болған, алайда қолдарынан келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысында үш дос қаза тапты: олардың екеуі үшіншісін құтқармақ болған, алайда қолдарынан келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Жаңажол ауылының маңында Есіл өзенінде болған. СҚО ТЖД өкілдері ол кезде алты адам өзеннен өтіп бара жатқанын хабарлады. Су тереңдігі 1,5 метр болған.

"Соңғы болып 1996 жылы туған бозбала келе жатқан. Жүзе алмайды. Оның аяғы тартылып, тереңірек жерге ағын әкеткен. 2001 және 2002 жылы туған екі жасөспірім оған көмектесе жөнелген. Нәтижесінде үшеуін тереңдігі екі метрден асатын шұңқырға алып кеткен", - деп хабарлады құтқарушылар.

Үшеуі де қаза тапты. Суға кеткендердің денесі тек келесі күні табылды.

ІІМ ТЖК өкілінің хабарлауынша, шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстанда 122 адам суға кеткен. Оның 19-ы соңғы төрт күнде қаза тапқан. "Көбіне адамдар суға шомылуға жабдықталмаған жерлерде батады. Онда кейде үйінділер, бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар бар, олар қайғылы жағдайлар себептерінің бірі бола алады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети