СҚО-дағы Тепличное ауылында түні бойы бөгеттер нығайтылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-дағы Тепличное ауылында түні бойы бөгеттер нығайтылған ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылында бөгетті нығайту жұмыстары тәулік бойы, күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылында бөгетті нығайту жұмыстары тәулік бойы, күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, өзен деңгейі мен гидротехникалық құрылыстардың жағдайы тәулік бойы бақыланады.

"Сағат 00:00-дегі жағдай бойынша Петропавлдағы Есіл өзеніндегі су деңгейі 1152 сантиметр болды", - деді облыс әкімдігі өкілдері.

Бөгеттерді нығайту жұмыстары түні бойы жалғасқан.

"Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында", - деді ведомство өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлға су тасқынының үшінші толқыны келе жатқаны хабарланды. Ресми мәліметтерге сәйкес су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуірде болады делінді, бірақ қазірдің өзінде қалаға су келген.

Осы аптада әкімдік отырысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы айтты. Облыс әкімінің сөзінше, биыл Сергеев су қоймасында алғаш рет үшінші толқын байқалып отыр.

Оған қоса бұған дейін өңір әкімі Ойқала мен Былғары кентіндегі, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарындағы жағдай ерекше бақылауда екенін мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети