07 тамыз 2023 | 09:10

СҚО полицейлері жол бойынан екі адамның мәйіті мен бір баланы тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер екі мәйіт пен арбадағы баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер екі мәйіт пен арбадағы баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 тамызда сағат 23:40-та Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының полицейлеріне Қарақоға мен Надежка ауылдарының арасындағы жол жиегінде екі адам қимылсыз жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнынан полицейлер 1985 және 1988 жылы туған ер адам мен әйелдің мәйітін тапты. Олардың жанынан арбадағы кішкентай бала табылып, оны жедел жәрдеммен орталық облыстық ауруханаға жеткізген. 2022 жылы туған нәрестені қарау кезінде жарақаттар табылмады. Қазір бала орталық аудандық аурухананың балалар бөлімінде жатыр.

Мәйіттер мен бала табылған жерден алыс емес жерде полиция бүлінген Toyota Land Cruiser көлігін тапты. Көп ұзамай олар жүргізуші Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам екі жаяу жүргіншіні қағып, кейін оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірген. Сараптама ер адамның көлікті мас күйде басқарғанын көрсетті.

Дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы", ҚР ҚК-нің 347-бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кету" және ҚР ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігінде "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу шаралары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети