СІМ өкілі Лаостағы қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ өкілі Лаостағы қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілі Лаоста еңбек құлдығында екенін мәлімдеген Анель Бермағамбетованың үндеуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілі Лаоста еңбек құлдығында екенін мәлімдеген Анель Бермағамбетованың үндеуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ мәліметінше, отандасымыз консулмен байланысқа шығып, өзінің жағдайы туралы айтып берген. Қазақстанның Ханойдағы елшілігі Лаостың Сыртқы істер министрлігіне оны құтқаруға барынша көмек көрсету туралы тиісті нота жолдаған. Лаос полициясы бұл мәселемен айналысып жатыр, ертең Лаостың СІМ және ІІМ өкілдерімен келіссөз өтетіні белгілі болды.

"Айта кетейік, біздің отандасымызға қауіп төніп тұрған жоқ, ол дипломаттармен және туыстарымен үнемі байланыста. Оның айтуынша, құжаттары мен телефонына тиіспеген, телефон мен интернет байланысын шектемеген, сондай-ақ, күш қолданбаған. Ол Таиландқа және одан әрі өз еркімен барған. Сондай-ақ, Анельдің айтуынша, жұмыс берушілер оның ұшуына, тұруына және басқа да шығындарына жұмсаған қаражаты өтелсе, жіберуге дайын", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұл мәселе Вьетнамдағы елшіліктің ерекше бақылауына алынған. СІМ және ҚР Вьетнамдағы елшілігі Анельдің үйіне оралуына көмектеседі.

Қазақстан СІМ азаматтардан шет елде жұмыс істеу үшін құжаттар мен келісімшарттарға қол қойылғанға дейін әрі шет елге шыққанға дейін бәрін мұқият зерделеуді, сондай-ақ, күтпеген жағдай туындамау үшін жұмыс берушілерді тексеруді сұрайды.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Лаостағы қазақстандық көмек сұрағаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети