"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" зауытында өрт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" зауытында өрт болды Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" зауытында өрт болды, екі адам зардап шекті деп хабарлайды "Мой город" порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" зауытында өрт болды, екі адам зардап шекті деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Төтенше жағдай 29 шілдеде Мұғалжар аумағында орналасқан "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-тың Жаңажол газ өңдеуші зауытында орын алған. Компрессорлық-насос блогының жанып кетуі өрттің шығуына себеп болған. Өртті ауыздықтау үшін "Өрт автоматика-сервис" ЖШС күші мен құралдары жұмылдырылған. Өрттің салдарынан екі адам түрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға түскен. 

Еске сала кетелік, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-тың №2 Жаңажол газ өңдеуші зауытында маусымның соңында да өрт болған. Ол кезде газ аралас будың ауаға атылуынан жеке тұрған кәсіпорынның компрессорлық станса ғимараты қираған. Қираған аудан көлемі шамамен 2,5 мың шаршы метрді құраған. Бұл төтенше жағдайда ешкім зардап шекпеген еді.

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ Қазақстанның мұнай өнеркәсібі көшбасшыларының бірі боп табылады. Бұл компания ҚХР-мен арада орнаған мызғымас әріптестіктің арқасында дамып, қарыштап келеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети