Солтүстік Қазақстан облысы ҰҚКД басшысының орынбасары пойызда қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысы ҰҚКД басшысының орынбасары пойызда қайтыс болды Кадр almaty.tv телеарнасынан алынды

Солтүстік Қазақстан облысы ҰҚК департаменті басшысының орынбасары Марат Сәбитов шет елде емделіп, үйіне қайтып келе жатқан жолда, пойызда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО бойынша ҰҚКД баспасөз қызметінің төрағасы Данияр Сибановқа сілтеме жасап.

Әзірше нақтыланбаған деректерге қарағанда, 48 жастағы азамат шет елде емделгеннен кейін Қазақстанға қайтып келе жатып, Астарханнан шыққан пойызда қайтыс болған. Марат Сәбитовті жерлеу рәсімі Атырауда болады.

"Марат Есенбайұлы Сәбитов қызмет жолын 1993 жылы Атырау облысындағы ҰҚК органдарында бастаған. Ол онда 2008 жылға дейін қызмет еткен. 2008 жылдан бастап, 2010 жылға дейін Ақмола облысындағы ҰҚК департаментінде еңбек етіп, қайтадан Атырау облысына оралған", - деді баспасөз қызметінiң төрағасы.

Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары болып, 2013 жылдың қараша айынан бері қызмет атқарған. Соңғы кездері Марат Сәбитов қатты ауырып жүрді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети