Солтүстік Қазақстанда жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстанда жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырады Видеодан алынған кадр

Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Абырой болғанда, жолаушылар зардап шеккен жоқ, алайда жеңіл автокөліктің жүргізушісі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Абырой болғанда, жолаушылар зардап шеккен жоқ, алайда жеңіл автокөліктің жүргізушісі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Автобустың жолаушылары әлеуметтік желіде жол апатының салдарын видеоға түсіріп, таратқан. Видеодан жеңіл көліктің жанып жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары көліктің мыжылып қалғаны сондай, салоннан жүргізушіні алып шығудың өзі мүмкін емес екенін жазып жатыр. Автобус жыраға қарай өтіп кеткен, ол "Тахтаброд -Петропавл" бағытында жүріп бара жатқан.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Жезқазған-Петропавл тасжолында, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылы маңында сағат 09.30-да болған.

"ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шыққан, сөйтіп автобуспен соқтығысқан. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Жол апатының салдарынан көлік отқа оранып, жанып кетті", - деді баспасөз қызметіндегілер. Автобуста қанша жолаушының болғаны әзірше белгісіз, алайда СҚО ІІД баспасөз қызметі жолаушылардың да, жүргізушінің де зардап шекпегенін хабарлады.

Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Авария на трассе Рузаевка-Новоишимка сегодня в 10 часов Видео @proshivka_smartfonov #Казахстан #УстьКаменогорск #Семей #Кызылорда #Жезказган #Костанай #Темиртау #Кокшетау #Петропавловск #Караганда #Тараз #Уральск #Талдыкорган #Павлодар #Шымкент #Актау #Актобе #Актобе #Астана #Aлматы #прикол ****************************************************** Отдел натуральной косметики - @ecobeautykz Тел. +7 771 380 6902 ******************************************************* ДОСКА ОБЪЯВЛЕНИЙ - @sko_obyavlenia * ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН - @petro_sk * ТАРАНТАС СК))) - @tarantas_sk * САЛОН КРАСОТЫ - @sko_salon *******************************************************

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК | КАЗАХСТАН (@skopetro)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети