13 шілде 2015 | 19:05

Солтүстік Қазақстан лагерлерінде балалардың улануының алдын ала себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© izuminki.com © izuminki.com

СҚО-дағы балалар лагеріндегі уланулардың алдын ала себебі айтылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Марат Жексембин хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

СҚО-дағы балалар лагеріндегі уланулардың алдын ала себебі айтылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Марат Жексембин хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, "Серебряный бордағы" жағдай былай, ас әзірлейтін бөліктегі қызметкерлердің бірі - індеттің көзі. Ол жақта медициналық құжаттардың барлығы қаралып жатыр, яғни ол алған санитарлық кітапша және оны берген медициналық ұйым. Тиісінше, мұның барлығы анықталады. Санитарлық кітапша қалай алынды және жалпы жұмысқа қалай жіберілді", - деді Жексембин.

Оның айтуынша, уланған сәтте лагерде 156 бала болған және 69-ы ауруханаға жеткізілді. "Қазіргі таңда жағдай тұрақты, балалар ауруханадан шығып жатыр, ауыр халдегілер жоқ. Зертханалық зерттеу жүріп жатыр, таяуда қорытындысы дайын болады", - деді департаменттің басшысы. Жексембиннің сөзіне қарағанда, ас әзірлейтін бөлікте төрт қызметкер мен бір шаруашылық меңгерушісі жұмыс істеген. Қазіргі таңда лагерь жабық тұр, эпидемиологиялық шаралар жүріп жатыр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, жаппай улануға тауық еті себеп болған. "Заря" лагері бойынша, алдын ала себеп - тауық етін пайдалану. Бұл өнімнің қауіпсіздікті растайтын куәліктері мен өзге де тиісті құжаттары жоқ, алайда болуы тиіс еді", - деді облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы.

Жексембиннің айтуынша, жаппай уланудың екі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Осы жағдайды ескеріп, СҚО прокуратурасы облыстағы өзге лагерлерді тексеруге рұқсат берді. Жоспардан тыс тексеруді нақты дерек пен жағдайға байланысты бақылау және қадағалау органдары тағайындайды, бұл тексеруге де сол негіз болды. Облыста барлығы 18 лагерь бар, олардың екеуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Тексеру кеше басталды", - деді Жексембин.

Еске сала кетейік, 10 шілде күні "Серебряный бор" лагерінде балалардың жаппай уланып қалғаны белгілі болды. Басында 36 бала уланды деп хабарланды. Кейін олардың саны 70 адамға жетті. Осыдан кейін СҚО-да балалар тағы жаппай уланды. Ол кезде 20 бала ауруханаға жеткізілді.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети