СҚО-да чипстер тиелген жүк көлігі аударылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да чипстер тиелген жүк көлігі аударылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен сенбіде сағат 15.00 шамасында 43 жастағы жүргізуші тізгіндеген MAN жүк көлігінен ақау шыққан. Ақтөбелік жүк көлігі Қызылжар ауданындағы Кондратовка ауылының маңында 5 сағаттан аса тұрып қалған. Полицейлер мен жол ұйымдарының қызметкерлері ұйымдастырған "Құтқару операциясы" ұзаққа созылған.
Жүк көлігі бір жағына ауып кеткен. 5 тонна чипс тиеген жүргізуші Новосібірден Қостанайға бет алған. Бұл оқиға туралы жолдағы көлік жүргізушілері полицейлерге хабарлаған. Челябі-Новосібір тасжолында патрульдік қызмет атқарған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Әділ Қазиев пен Серік Сейпиев оқиға орнына барған.
Полицейлер Мамлют ауданынан "Қазавтодор" ЖШС-нің ауыр техникасын көмекке шақырғанымен, тұрып қалған жүк көлігін шығара алмаған. Кейін КамАЗ кранын алдыртқан. Сөйтіп, көліктің корпусы мен алдыңғы жағын бөлуге тура келген.
Барлық жұмыс кешкі сағат 21.00-де аяқталған.
"Хабарлама алған соң бірден оқиға орнына бардық. Іс-шаралар ұйымдастырылып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүргізуші жергілікті тұрғын емес, сондықтан қайда бұрыларын білмей қалған", - дейді патрульдік полиция батальонының инспекторы Әділ Қазиев.
Жүргізуші көмектескендердің барлығына алғыс айтып, келесі күні кешке көліктің бұзылған жерін жөндеп, қайта жолға шыққан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!