Солтүстік Қазақстан облысында Ресейден шыққан автобус бұзылып, 21 жолаушы аязда жолда қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында Ресейден шыққан автобус бұзылып, 21 жолаушы аязда жолда қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 ақпан күні түнгі сағат 03.30-да Ақжар аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімшесіне екі ер адам барып, көмек сұраған. Олар Омбы - Көкшетау бағытындағы жолаушылар автобусының Талшық ауылына 5 шақырым қалған жерде сынып қалғанын айтты. Ақжар аудандық ішкі істер бөлімінің бірнеше полиция экипажы қалааралық автобус сынған жерге жедел жетті.
"Омбы - Көкшетау автожолының 181-шақырымында аудан орталығы Талшықтан оңтүстік батысқа қарай 5 шақырым жерде Hіger маркалы жолаушылар автобусы тұрды. Жүргізушінің айтуынша, оның отынсорғышы істен шыққан. Ал автобуста 21 жолаушы болды, олардың екеуі жүргізуші", - делінген хабарламада.
Полицейлер төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жолаушыларды эвакуациялады, олар Талшық орта мектебінде түнеді. Аязда жолда қалған жолаушылардың барлығына ыстық тамақ берілді.
Айта кетейік, таңғы сағат 7.30-да Көкшетау қаласынан Талшыққа қосымша автобус келіп сынып қалған Hіger жолаушыларын маршруттың соңғы пунктіне жеткізді, автобус күндізгі сағат 15.00-де жөнделіп, жүргізушілер Омбы қаласына қайтты.