10 желтоқсан 2014 14:32

Солтүстік Қазақстанда төрт күнде 58 мас жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Солтүстік Қазақстанның әмбебап полицейлері автокөлікті мас күйінде басқарған 58 жүргізушіні 4 күн ішінде ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстанның әмбебап полицейлері автокөлікті мас күйінде басқарған 58 жүргізушіні 4 күн ішінде ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы өткізілген жедел-алдын алу шарасына полицияның 460 қызметкері қатысты, оның 190-ы - жол-патруль полициясының инспекторы. Төрт тәулік ішінде облыста 1061 заңбұзушылық тіркелді. Мас күйінде көлік жүргізген 58 жүргізуші жазаланды. 237 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал көлікті жүргізу кезінде телефон арқылы сөйлескен 175 адам жазаланды. Жылдамдықты шектен арттыру бойынша 48 дерек тіркелді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер де жауапкершілікке тартылды. Жаяу жүргінгішілер 24 рет ереже бұзды. "Мас жүргізуші - қылмыскер" атты жедел-алдын алу шарасы өткен төрт күнде жол-көлік оқиғасы тіркелмеді.

Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің басшысының бұйрығымен Петропавлда, сонымен қатар барлық 13 ауыл аудандарында "Мас жүргізуші - қылмыскер" атты жедел-профилактикалық шарасы үнемі өткізіліп келеді. СҚО ішкі істер департаментінің басшысы Серік Ыдырысов операцияның мақсаты облыстағы жол-көлік оқиғаларын айтып, Жол қозғалысы ережесін бұзудың соңы қиын болатынын ескерту екенін айтты. Соның ішінде көлік құралын мас күйде ішу - ерекше бақылауға алынып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети