27 ақпан 2015 12:34

Солтүстік Қазақстанда туберкулездің жұқпалы формасымен ауыратын 8 адамға іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Otvetin.ru ©Otvetin.ru

Солтүстік Қазақстанда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын бұрын сотталған сегіз адамға іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түрмеден босатылғаннан кейін оларға мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындалған. 


Солтүстік Қазақстанда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын бұрын сотталған сегіз адамға іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түрмеден босатылғаннан кейін оларға мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындалған. 

Жаза өтеу орындарынан шыққан, туберкулездің жұқпалы формасымен ауыратын адамдарды іздеу жөніндегі өкілетті органдардың 2014 жылғы өзара әрекетінің тиімділік жағдайы облыс прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды. 

Прокуратураның бастамасымен қылмыстық-атқару жүйесі, ішкі істер, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері мен денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері туберкулездің жұқпалы формаларымен ауыратын адамдарды іздеу жөнінде өкілетті органдардың тиімділігін арттырудың қосымша шараларының жоспарын бекітті. 

Сот сегіз адамға іздеу жариялаған, оның екеуінің қай жерде тұратыны анықталды. Денсаулық сақтау, ішкі істер және сот шешімдерін орындау органдарының өзара әрекет ету амалы анықталды. Сот орындаушылары бұрын мұндай науқастарға ресми түрде іздеу жариялау мәселесін көтермеген. 

"Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдар тізімге алынды. Сонымен бірге, азаматтардың мәжбүрлеп емдеу шараларынан жалтару деректері де тіркеліп отырады", - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Еске салайық, 2014 жылы сол кезде Денсаулық сақтау министрлігін басқарған Салидат Қайырбекова ішкі істер министрлігі ведомствоаралық ынтымақтастық шеңберінде емделуден жалтаратын науқастарды іздеуге көмектесуі керек екенін айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети