Солтүстіктегі ауыл тұрғындары ерекше құбылысты байқады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстіктегі ауыл тұрғындары ерекше құбылысты байқады Фото: SKOPetro телеграм-арнасы

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары өте ерекше табиғи құбылысты байқады. Облыстың көптеген ауданындағы ауыл тұрғындары солтүстік жарықты аңғарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары өте ерекше табиғи құбылысты байқады. Облыстың көптеген ауданындағы ауыл тұрғындары солтүстік жарықты аңғарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, аспандағы түрлі-түсті жарық аномалиясы кейбір жерлерде әрең байқалса, ал кейбір жерлерде өте анық көрінген. Бұл құбылысты солтүстік қазақстандықтардың көпшілігі тек суреттерден көрген, өйткені Қазақстан үшін бұл - таңғаларлық құбылыс.

Аққайың ауданы Тоқаш ауылының тұрғындары да бұл құбылысты көрген.

Тіпті Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіндегі Ғабит Мүсірепов ауданының Чистополье ауылында солтүстік жарық қараңғы аспанда айқын көрініпті.

Мамлют ауданының Бексейіт және Кондратовка ауылдарында да аспан жарқырап тұрған.

Астрофизикалық зертханалардың мәліметінше, 5 қарашада кешке күшті магниттік дауыл тіркелген. Ал оның салдары жердің солтүстік жарты шарының едәуір бөлігінде байқалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети