Соңғы төрт айда 10 адам пойыздың астына түсіп қаза тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы төрт айда 10 адам пойыздың астына түсіп қаза тапқан

Соңғы төрт айда 10 адам пойыздың астына түсіп қаза тапқан, оның үшеуі - бала, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы "Жүк тасымалы" АҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы төрт айда 10 адам пойыздың астына түсіп қаза тапқан, оның үшеуі - бала, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы "Жүк тасымалы" АҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, машинистер апаттың алдын алу үшін 880 жедел тежегішті қолданған. Алайда 10 жағдайда тоқтап үлгермепті. Жазғы демалысқа байланысты теміржол бойында балалар жарақатынының алдын алу үшін үш айлық жарияланды. Балалар көбіне тоқтап тұрған вагондарға шығып, токқа түсіп көз жұмып жатады екен.

"Балалар білмей қалып, токқа түсіп жатыр. Тұрған вагондарға мінеді. Ол жақта ештеме жоқ деп ойлайды, ойнайды, секіреді. Бірақ та сол токқа түсіп...өкінішке қарай ондай жағдайлар болып жатыр", - дейді "Жүк тасымалы" АҚ Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Айтым Құрақбаев.

Құлаққап кигендердің жақындаған пойыз дауысын естімей қалатын жағдайлары да көп екені айтылады. Сондықтан "Жүк тасымалы" өкілдері ата-аналардан балаларын шойын жол нысандары аумағына ойнауға жібермеуін сұрайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети