ПОДЕЛИТЬСЯ
30 шілде 2022 | 13:10
Сот Талғарда жігітті қағып өлтірген экс-полицейге қатысты шыққан үкімді түсіндірді
Сот Талғарда 18 жастағы жігітті қағып өлтірген экс-полицейге қатысты шыққан үкімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талғар аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сот Талғарда 18 жастағы жігітті қағып өлтірген экс-полицейге қатысты шыққан үкімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талғар аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Талғар аудандық соты бұрынғы полицейді адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін (ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы) кінәлі деп таныды. Қылмыстық кодексте бұл қылмыстар үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл ретте сот жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеруі тиіс. Жеңілдететін мән-жайлар болған жағдайда (шын жүректен өкіну және кәмелетке толмаған балаларының болуы) сот ең жоғары жазаның жартысынан астамын тағайындай алмайды", - деді сот өкілдері.
Сот айыпталушыға 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру және 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
"Айта кетейік, қылмыстың бұл түрі заң бойынша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылған, сондықтан сот рақымшылық жасауды қолдануға міндетті болды. Сотталған адам соттың қалауы бойынша емес, рақымшылық жасау туралы заңның талаптарына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны өтеуден босатылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, апелляциялық шағым түсті", - деп түсіндірді аудандық сот өкілдері.
Еске салайық, Талғарда бұрынғы полицей көлікпен қағып кеткен соң қаза болған 18 жастағы Дінмұхамед Жеңістің туыстары сотталушыға шығарылған үкіммен келіспейді. Жүргізушіге екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также