30 шілде 2022 08:39

"Күдебаев қоңырау шалды". Талғарда қаза тапқан жігіттің туыстары сот үкімімен келіспейді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Талғарда бұрынғы полицей көлікпен қағып кеткен соң қаза болған 18 жастағы Дінмұхамед Жеңістің туыстары сотталушыға шығарылған үкіммен келіспейді. Бұл туралы "КТК" телеарнасы сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талғарда бұрынғы полицей көлікпен қағып кеткен соң қаза болған 18 жастағы Дінмұхамед Жеңістің туыстары сотталушыға шығарылған үкіммен келіспейді. Бұл туралы "КТК" телеарнасы сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізушіге екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Мұндай үкімге есеңгіреп қалған жігіттің туыстары қайғылы оқиға болған жерге жиналды.

"Міне, мына жер қан болып жатты. Қағып, тастап кеткен. Оны екі сағаттан кейін ғана, мына жер қан болып жатқандықтан тауып алған. Ол сенімді отырды. Ол тоғыз ай тергеу изоляторында болды, сонда демалып жатты, смартфоны болды. Мен мұнымен тоқтамаймын. Мен ары қарай барамын. Дәлелдеуіміз керек", - дейді марқұмның анасы Нұргүл Түркібаева.

Қайғылы оқиға былтыр қазанда болған. Дінмұхамед жол жиегінде келе жатқанда, қатты жылдамдықпен оны шетелдік маркалы көлік қағып кеткен.

Жүргізуші тіпті жәбірленушіге көмектесуге әрекет жасамай, оқиға орнынан қашып кеткен. Арықтан жас жігіттің денесі табылды. Марқұмның туыстарының айтуынша, рөлде 26 жастағы мас полицей болған.

"Жаза бермеген соң, ол кінәсін сезбейді, осылай болуы керек деп ойлайды. Осылай жүре береді. Ертең басқа біреуді соқпайтынына кім кепіл? Өйткені ол жазасыз қалды. Неге екені белгісіз, полицияда жұмыс істейтіндер үшін бәріне рұқсат етілген: нөмірсіз көлік жүргізеді, көлік жүргізгенде ішімдік ішеді, заңсыздық жасайды. Сосын олар мерзімінен бұрын қызметінен кеткен болып шығады", - деп ашуланады Жеңісхан Қанқасова.

Марқұмның туыстары полицей жол апатынан екі күн бұрын қызметінен кеткеніне таңғалады.

"Бізге қоңыраулар түсе бастады, Алматы облысының полиция генералы Күдебаев қоңырау шалды. Ол менің әйеліме телефон соқты. Ол: әлеуметтік желіге ештеңе жазбаңдар, телевизияны тартпаңдар дегенде біз есеңгіреп қалдық. Ол біздің нөмірімізді қайдан алған", - дейді Тимур Сәбитов.

Марқұмның туыстары мен адвокаты сот полицейдің мас күйде рөлге отырып, жол-көлік оқиғасынан қашып кеткенін сот есепке алмағанын алға тартады.

"Видеода анық көрсетілген: оны қағып кеткеннен кейін қайта оралып, көліктен түскен, аяғына әрең тұрады. Яғни, мұның бәрі видеода көрінеді. Сондай-ақ, 347-бап бойынша "ЖКО болған жерден кету". Алайда сот талқылауы барысында түсініксіз себептермен 347-бап тоқтатылды. "Мас күйінде көлік құралын жүргізу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу", онда бас бостандығынан айыру жеті жылдан тоғыз жылға дейін созылады. Оны бас бостандығынан айыру керек еді", - дейді адвокат Ғабит Өмірбеков.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Марқұмның туыстары әділдік іздеуге ниетті. Олар бұған дейін облыстық сотқа шағымданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети