Сотталған ер адам тергеу изоляторында қарнын жарып тастады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Кісі өлтіргені үшін сотталған ер адам Орал тергеу изоляторында қарнын жарып тастаған. Ер адам видеоүндеу түсірген. Видеода ол өліміне полиция тергеушісі мен үкім шығарған судьяны кінәлауды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кісі өлтіргені үшін сотталған ер адам Орал тергеу изоляторында қарнын жарып тастаған. Ер адам видеоүндеу түсірген. Видеода ол өліміне полиция тергеушісі мен үкім шығарған судьяны кінәлауды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде 31 наурызда Қазақстан Президентінің, Үкіметтің және құқық қорғау ұйымдарының атына жолданған видеоүндеу пайда болды. Ол АБ-170/1 мекемесінде түсірілген. Сотталған Виталий Туренков адам өліміне себеп болғанына өкінетінін және оның кісі өлтіру ойында болмағанын айтты.

"Әйелімді қорғауға шықтым. Ол мені көмекке шақырды. Мамандандырылған және апелляциялық соттар бұл істі ҚР Конституциясы мен заңына сәйкес жан-жақты қарамай әділетсіз үкім шығарды. Істі ақшамен шешу үшін миллиондарым жоқ. Өліміме мамандандырылған соттың судьясы Ермахановты, апелляциялық сотты және бұрынғы полиция тергеушісі Лұқпан Ахметовті кінәлауды сұраймын. Өлсем де, осы істі қараңыздар", - деді ол.
 

Осы сөздерден кейін Туренков азаматтардан балаларына бұл кадрды көрсетпеуді сұрап, ішін кеседі.

Видеоға қатысты БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілі пікір білдірді.

"Тергеу-қамауға алынғандарға дене жарақатын салу дерегі бойынша жедел жәрдем бригадасы шақырылып, медициналық көмек көрсетілді. Денсаулығы қалыпты, ауруханаға жатқызуға мұқтаж емес. Сонымен қатар, осы дерек бойынша Орал қаласы Абай Полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Мекемеде видеоға түсіру дерегі бойынша ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу тағайындады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro