ШҚО-да аударылып қалған рейс автобусы: Зардап шеккендердің арасында екі бала бар

© vkogps.kz

Шығыс Қазақстанда болған жол апатының салдарынан зардап шеккендердің арасында екі бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Үржар аудандық орталық ауруханасына 7 адам жатқызылды, оның екеуі бала. Бірі - төрт, екіншісі сегіз жаста. 

"Дәрігерлер зардап шеккендерге бассүйек-мидың жабық жарақаты деген диагноз қойды, екі адамның бірнеше жері сынған. Қалған жолаушыларды ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болған жоқ. Оларды жол апаты болған жерде дәрігерлер қарап, медициналық көмек көрсетті", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұған дейін Үржар ауданында "Таскескен-Бақты" тас жолында 48 жолаушысы бар рейс автобусының аударылып қалғаны хабарланған болатын. Жолаушылардың арасында 15 бала бар. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама