1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Шығыс Қазақстанда 48 жолаушысы бар рейс автобусы аударылып қалды06 тамыз 2015, 15:24

© vkogps.kz © vkogps.kz

Шығыс Қазақстанда 48 жолаушысы бар рейс автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Үржар ауданында "Таскескен-Бақты" тас жолында 48 жолаушысы бар рейс автобусы аударылып қалды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. 

"Оқиға орнында жедел жәрдем қызметінің, АІІБ, әкімдік пен аудандық ТЖБ мамандары жұмыс істеп жатыр. 11 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қалған жолаушыларға медициналық жәрдем көрсетілді, қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады мамандар.