ШҚО-да трамвай автокөлікті бағанаға жаншып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да трамвай автокөлікті бағанаға жаншып тастады © Тengrinews.kz

Өскеменде автомобиль бағана мен трамвай арасында қысылып қалды. Жүргізуші салоннан көлік кесілгенде ғана шыға алған, ол аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде автомобиль бағана мен трамвай арасында қысылып қалды. Жүргізуші салоннан көлік кесілгенде ғана шыға алған, ол аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін таңғы уақытта Тәуелсіздік даңғылымен келе жатқан жеңіл көліктің жүргізушісі лезде солға бұрыламын деп, темір бетонды бағана мен қозғалып бара жатқан трамвайдың ортасында қалып қойды. Соғысу салдары видеоға түсірілді.  

 

"Әзірше белгісіз, ол солға бұрылмақшы болды ма, немесе оны шұңқырдан лақтырып жіберді ме", - деді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер. Көлік жүргушісі аман қалды, бірақ аяғын жарақаттап алған. 

"Трамвай толығымен бүлінген, оны паркке алып кетеді. Осы бағытта жүретін вагондар тоқтап тұр", - деді Трамвай паркінің директоры Анатолий Успенский.

 

Өскеменде бірнеше күн қар жауып, артынша ауа температурасы 40-қа дейін төмендеді. Соның салдарынан жолдарда мұзды шұңқырлар пайда болған. Қазіргі уақытта ТКШ қызметі жолдарды тазалап жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети