ШҚО-да үш баласын тастап, жаңа танысының үйіне қашып кеткен әйел табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да үш баласын тастап, жаңа танысының үйіне қашып кеткен әйел табылды Туыстары жолдаған сурет.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері қаңтар айының ортасында із-түссіз жоғалып кеткен әйелді тапты. Олардың айтуынша, Камышинка ауылының тұрғыны күйеуі мен кішкентай үш баласын қалдырып, жаңа танысқан ер адамның үйінде жасырынып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері қаңтар айының ортасында із-түссіз жоғалып кеткен әйелді тапты. Олардың айтуынша, Камышинка ауылының тұрғыны күйеуі мен кішкентай үш баласын қалдырып, жаңа танысқан ер адамның үйінде жасырынып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Александра Комутбаеваны іздестіру жұмыстары 17 қаңтарда басталған. Әйел үш баласын Самарск ауылындағы енесіне қалдырып кетіп, Өскеменнен туған ауылына бармақшы болған. Содан жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Үш баланың анасы соңғы рет туыстарына Камышинкаға дейінгі автобусқа билет алып кетейін деп жатқанын хабарлаған.

"Александра 15 қаңтарда жоғалып кеткен. Әйелдің туыстары іздестіру жұмыстарын өздері жүргізген, бірақ еш нәтиже шықпаған соң полицейлерге хабарласқан. Комутбаеваның автобусқа отырғаны немесе отырмағанын анықтауға ұзақ уақыт кеткен. Жарты ай бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді. Содан жоғалып кеткен әйел Шемонаихинск ауданынан табылды. Ол сонда жақында танысқан ер адаммен бірге тұрып жатқан. Осы уақытқа дейін ұялы телефоны сөндірулі болған", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала мәлімет бойынша, үш баланың анасы полицейлерге отбасына қайтып барғысы келмейтінін, жаңа сүйіктісімен бірге сонда қалғысы келетінін айтқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети