ШҚО-да жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: Бала мен фельдшер зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: Бала мен фельдшер зардап шекті видеодан үзінді

Шығыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі науқас баланы ауруханаға жеткізу кезінде жол апатына ұшырап, салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі науқас баланы ауруханаға жеткізу кезінде жол апатына ұшырап, салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Жол-көлік оқиғасы 9 желтоқсанда Курчатов қаласында болған. Куәгерлердің айтуынша, арнайы көлікті көше қиылысында қысып кеткен. Жедел жәрдем жүргізушісі соқтығысудан қашамын деп, ағашға соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 20 жастағы фельдшер мен 6 жастағы бала зардап шекті. Фельдшердің қолы мен аяғы сынып, қалалық ауруханаға жеткізілді. Баланың миы шайқалған. 

"Қазіргі уақытта қыздың жағдайы орташа ауыр. Кеше Семейден санавиация келді, оны травматолог пен реанимотолог қарады. Алайда оны тасымалдауға болмайды. Қыздың аяғы мен қолы сынған. Баланың миы ұайқалған, оның жағдайы бірқалыпты", - деді Курчатов қалалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Қарлығаш Тілеуғабылова. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети