СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды © Report.az

Ірі көлемдегі параны бірнеше рет алғаны үшін СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды 24.kz. Басылымның мәліметінше, пара алған шенеунік 9 шілдеде ұсталған. CҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Петр Дмитриенко мен оның қол астындағы қызметкер - заң бөлімінің жетекшісі жедел-іздестіру шаралары барысында қызмет бөлмелерінде ұсталды.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, лауазымды тұлғаларға қатысты істі тергеуді аймақтың жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жүргізеді. "Департамент басшысы кәсіпкерлерге мемлекеттің меншігіндегі жылжымайтын мүлік беріп, тәркіленген мүліктерді заңсыз жүзеге асыру, тексеріске оң нәтиже беру, сонымен қатар, мүліктерді заңсыз заңдастыру үшін бірнеше рет ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет және ағарту бөлімінің басшысы Нұрлан Жахин.

Дмитриенко пара алғаны үшін 11 шілдеде сот шешімімен қамауға алынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети