Степногор қаласында бір адам өрттен қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Степногор қаласында бір адам өрттен қайтыс болды ©tengrinews.kz

Ақмола облысына қарасты Степногор қаласындағы "Заря" саяжайы өртеніп, оқиға кезінде бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі жергілікті ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше оқиға саяжайдың №69 учаскесінде болған. Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 6 қызметкері мен 1 өрт сөндіру техникасы тілсіз жауды ауыздықтап үлгергенімен, оқиға орнынан бір адамның мүрдесі табылған. Өрттен қайтыс болған марқұмның кім екені әзірше белгісіз. Қазір оның кім екені және саяжай иелеріне келген шығын мөлшерін анықталып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети