Су-27 апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су-27 апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды ©Тengrinews.kz

Алматы облысында Су-27 ұшағының апатқа ұшырау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Су-27 ұшағының апатқа ұшырау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"24 қыркүйек күні Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы Су-27 ұшағының апатқа ұшырау дерегіне қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-ші - "Ұшулар мен оған дайындық ережелерін бұзу" бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады",  - деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметінше, ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Қорғаныс министрлігі мамандарының хабарлауынша, қазіргі уақытта борттың дыбысжазғыш құралы іздестіріліп жатыр. Ұшақ топыраққа тұмсығымен кіріп кеткендіктен, оқиға орнында жер қазылып жатыр.

Еске сала кетейік, 23 қыркүйек күні сағат 20.42-де Алматы облысында оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Әскери ұшақ Талдықорғаннан 100 шақырым қашықтықтағы Көксу елді мекені ауданына құлады. Техниканың қалдықтары апат орнынан 500 метрден артық радиусқа ұшқан. Су-27 ұшағын подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов басқарған. 

ҚР Қорғаныс министрлігі Су-27 ұшағының қарапайым метеожағдайда, орташа биіктікте және әскери жарақ жиынтығынсыз ұшырылғанын хабарлады. ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Марат Уашпаевтың айтуынша, экипаж - өте тәжірибелі, жоғары сыныпты ұшқыштар.

Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Ұшақ 2009 жылы Беларусьте күрделі жөндеуден өткен. Ұшқыштардың денесі Су-27 апатынан бір тәуліктен соң табылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети