Су тасқыны: СҚО-ның бірнеше ауданында қауіп әлі де бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су тасқыны: СҚО-ның бірнеше ауданында қауіп әлі де бар СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны қаупі бар аудандардың жағдайын әуеден бағалау мақсатында аэровизуалды мониторинг жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны қаупі бар аудандардың жағдайын әуеден бағалау мақсатында аэровизуалды мониторинг жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұшу бағыты Есіл өзені бойымен өтіп, Шал Ақын, Ғабит Мүсірепов, Айыртау және Тимирязев аудандарын, сондай-ақ, Шағалалы өзені мен Шағалалы су қоймасын қамти отыра, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандары арқылы өтті.

СҚО бойынша ТЖД бастығы Жомарт Асқаров, Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов және Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі Руслан Әнбаев қазіргі су тасқыны жағдайы туралы баяндама жасады.

"Ауа температурасы көтерілуіне байланысты алқаптарда қардың басым бөлігі еріп кетті. Дегенмен кейбір аудандарда еріген қар суынан туындайтын қауіп әлі де сақталып отыр. Өзендерде мұз кептелісі жоқ, алдын алу мақсатында мұз жарылды. Сонымен қатар, кейбір тасжолдарда уақытша су тасу жағдайлары тіркелді", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Есіл өзені арқылы келетін су да ерекше қауіп төндіріп отыр. Сергеев су торабында су деңгейі біртіндеп көтеріліп жатыр. 2024 жылғы рекорд көрсеткіш – 425 см.

"Жағдай үнемі бақылауда. Мемлекеттік органдар мен қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, су тасқыны салдарын азайту және елді мекендерді қорғау бойынша барлық қажет шараны қабылдап жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети