Су тасқынына байланысты еліміздің бірқатар аймағында жолдар жабылды

13 Сәуір 2015, 08:54
0
Су тасқынына байланысты еліміздің бірқатар аймағында жолдар жабылды - ©ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
©ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Су тасқынына байланысты еліміздің бірқатар аймағында жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Ақмола облысында "Астана - Қарағанды облысының шекарасы" жолында барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Ал Қарағанды облысында "Қарағанды - Балқаш", "Теміртау - Ақмола облысының шекарасы", "Ботақара - Павлодар обласының шекарасы", "Топар - Жезқазған", "Қарағанды - Ақмола облысының шекарасы" учаскелерінде барлық көліктерге жолға шығуға тиым салынды.

Сонымет қатар баспасөз өкілдерінің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында "Семей-Қайнар", "Алматы-Өскемен" бағыты, ал, Павлодар облысында "Майқайың - Қарағанды облысының шекарасы" аралығы көліктің барлық түрлері үшін жабық.

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, Қарағанды облысының өзендерінде бүгін, 13 сәуірде күннің жылуына және жауын-шашынға байланысты су деңгейі көтеріледі деп күтіліп отыр, өзендердің тасуы және су басуы мүмкін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай