Суға батқан ресейлік саяхатшының мәйіті Алматы облысынан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суға батқан ресейлік саяхатшының мәйіті Алматы облысынан табылды ©Прокопенко Владимир

Алматы облысында байқаусызда катамараннан құлып, суға батқан Ресей Федерациясы азаматының денесі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.


Алматы облысында байқаусызда катамараннан құлып, суға батқан Ресей Федерациясы азаматының денесі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

1978 жылы туылған Ресей азаматы Папировскидің мәйітін төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 9 мамыр күні тауып, судан шығарған. Ал оқиғаның өзі 5 мамыр күні орын алған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, бұл күні Жалғызағаш ауыл округінің (Алматы облысы) "Сатан" төңірегіндегі Көксу өзенімен төмен түсіп келе жатқан Папировский байқаусызда "К-4" катамаранынан суға құлап кеткен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қаза болған Ресей азаматы Алматы облысына Самара облысынан келген 10 саяхатшының құрамында болған. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course up  582.69  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети