Суға батырып, пакетпен тұншықтырған: Сотталғандарды азаптаған әскери қызметкерге үкім кесілді

05 Қыркүйек 2017, 15:33
0
Суға батырып, пакетпен тұншықтырған: Сотталғандарды азаптаған әскери қызметкерге үкім кесілді - © Kursiv.kz
© Kursiv.kz

Павлодардағы Семей гарнизонының әскери соты 33 жастағы Ерлан Асылбековке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әскери қызметкер ауыр зардапқа әкелген бақылау қызметі ережелерін бұзды деп айыпталған. 

"Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырады. Сотталушы жазасын орташа тәртіптегі қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді", - деп оқыды үкімді судья Асқарбек Жүнісбеков.

Сотталушы Асылбеков Павлодар облысындағы АП-162/3 мекемесінде карантин бөлімінің күзет және қадағалау ісі бойынша бақылаушысы болған кезінде күзетілетін аумақта бөгде тұлғалардың кіруіне жол берген. Бөгде адамдар мен сотталушылар қатарынан мекеме әкімшілігіне өздігінше көмекші болғандар Асылбековтің көзінше Қарағанды облысынан енді келген 26 сотталушыны соққыға жығып, намысына тиген және қорлаған. 

Іс материалдарына қарағанда, зәбір көрсетушілер сотталғандарды қорқыту мақсатында Санин, Коробков және Видергольдты карантин бөлмеге алып кіріп, су құйылған бөшкеге батырып, полиэтилен пакетпен тұншықтырған. 

"Тірі дәліз" жасап, орталарынан өткізді, өтіп бара жатқан уақытта теуіп, ұрып, намысқа тиетін сөздер айтты. Бір бөлмеге кіргізіп, барлық затты тартып алды. Тағы да ұрды. Дәретханаға апарып, қолмен жуғызып, кір қолымен бетіңді сипауды бұйырды. Карантинді бөлмеде әкімшілікке шағымым жоқ деген құжаттарға қол қойғызды, дұрыс толтырылмаған қағаздарды жеуге мәжбүрледі. Қайтадан соққыға жықты. Карантинде тұрған әскери мұны көрмеуі мүмкін емес еді", - дейді сотталғандар. 

Кезеңделген сотталушылардың бірі 28 жастағы Сайын Мұратбеков соққылардан мерт болған. Ал бақылаушы оны ешкімді тыңдамайтындықтан тоқтатуға тырыспағанын және олай етсе, жұмыстан шығарып жіберетіндіктен араласпағанын айтып, ақталған.  

Павлодарда арнайы мекеме әкімшілігінің ерікті көмекшілері мен колония қызметкерлеріне қатысты сот жалғасып жатыр. Қаза болған Сайын Мұратбековтің ата-анасы Бас прокурордың блогында кінәлілерді жазалауды сұраған болатын. Сот-медициналық сараптама ер адамның басынан қан кетіп мерт болғанын, ми жарақаты мен қабырғаларының сынғанын, денесінің барлық жерінде ісіктерді барын көрсеткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай